присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

АҚШ - Қазақстан экономикасына инвестиция салып отырған ТОП-3 елдің біреуі

19 қыркүйек 2022 17:20
АҚШ - Қазақстан экономикасына инвестиция салып отырған ТОП-3 елдің біреуі

АҚШ Қазақстан экономикасындағы негізгі инвесторлардың үштігіне кіреді.

Экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, 2005 жылдан бастап АҚШ-тан тартылған тікелей шетел инвестициясының жалпы ағыны 48,8 млрд долларды құрады.

Бұл - Қазақстанға тартылған барлық шетелдік инвестициялардың шамамен 13,5 пайызы.

АҚШ ел экономикасының негізгі 3 инвесторының қатарына кіреді.

Америкалық инвесторлар тау-кен өндіру секторына көбірек қызығушылық танытады.

Еліміздің тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі барлық тікелей шетел инвестициясының шамамен 30 пайызы америкалықтарға тиесілі.

АҚШ-тан тікелей инвестициялардың аздаған көлемі қаржы және сақтандыру қызметінде (үлесі 6,6%) және геологиялық барлауда (9,8%) тіркелген.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде америкалық капиталдың қатысуымен шамамен 695 кәсіпорын тіркелген.

Оның 658-і - шағын, 15-і - орта және 22-сі - ірі кәсіпорындар.

Қазақстандық-америкалық 168 кәсіпорын көтерме-бөлшек саудада, 181 компания өзге қызмет түрлерінде, ал 83 компания кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте шоғырланған.

Өңдеу өнеркәсібінде барлығы 36 америкалық кәсіпорын бар.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру