присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы берілді

07 қазан 2022 17:35
Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы берілді

Биылғы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы Украина, Беларусь және Ресейдің өкілдеріне берілді. Сыйлықты Беларусь елінің құқық қорғаушысы Алесь Беляцкий, Украинаның «Азаматтардың бостандығы орталығы» ұйымы мен ресейлік «Мемориал» құқық қорғау орталығы алды.

Нобель сыйлығының жаңа лауреаттары өз елдерінде азаматтық қоғам, еркіндік пен адамның бостандығы үшін күресіп келеді. Сол себептен оларға сыйлық берілді. Олар Ресей, Украина мен Беларусть билігіндегі сыбайлас жемқорлықты, билікті асыра пайдалануды дәлелдеп, хатқа түсірген. Сондай-ақ олар әскери қылмыстың бетін ашып,  адамның сөз бостандығы мен конституциялық құқықтары бұзылған жаңдайларды анықтаған», –  делінген Нобель комитетінің әлеуметтік желідегі материалында.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру