Президент Shell компаниясының басшысымен кездесті
Мемлекет басшысы Shell концернінің бас атқарушы директоры Уаэль Сауанмен кездесу өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа трансұлттық компанияның энергетика және мұнай-химия салаларында іске асырып жатқан жобалары туралы мәлімет берілді. Кездесу барысында Қазақстан мен компанияның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.
Айта кетсек, Shell – энергетика және мұнай-химия саласындағы компаниялардан құралған, 70-тен аса елде 80 мыңнан асатын қызметкері бар жаһандық концерн. Компания озық технологияларды және жаңашыл әдістерді пайдаланып, тұрақты энергия болашағын құруға үлесін қосып келеді. Биыл Shell концернінің Қазақстан Республикасындағы табысты қызметіне 30 жыл толды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
30 қараша 2020 12:43
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ