присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ресейден жеңіл автокөлік ағыны 20%-ке өсті

23 қыркүйек 2022 12:29
Ресейден жеңіл автокөлік ағыны 20%-ке өсті

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шекарада Ресейден келген жеңіл автокөліктердің жиналуына қатысты мәліметтерді жариялады.

Комитеттің баспасөз қызметінің деректері бойынша, биылғы 21 қыркүйектен бастап, Қазақстанға Ресейден келген жеңіл автокөлік құралдарының ағыны 20%-ке өсті.

«Осыған орай, көршілес Ресеймен шекаралас өткізу бекеттерінде жеңіл автокөлік кезектерінің жиналуы байқалады. Әсіресе осындай автокөлік кезектерінің жиналуы Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады»,-делінген хабарламада.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру