присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярланбақ

28 қыркүйек 2022 12:12
2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярланбақ

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысы басталды.

Форум барысында мемлекет басшысы қазір әлемдік ІТ нарыққа маман қажеттілігі артып жатқанына назар аударды.

Адам – біздің басты байлығымыз екені сөзсіз. Екі жыл бұрын әлемдік ІТ нарыққа 30 миллион маман керек еді. Бүгінде бұл қажеттілік 100 миллионға жетті. Ал 2025 жылға қарай 200 миллионға дейін артады. Уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш өсе береді. Сондықтан аталған салада кәсіби мамандарға деген сұраныс өте жоғары болады. Біз бұл сын-қатерді жақсы түсінеміз. Сондықтан 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маманын даярлау міндетін қойдық, – деді президент.

Сондай-ақ ол осы мақсатқа қол жеткізу үшін бейінді университеттер өңірлік жоғарғы оқу орындарын қамқорлығына алғанын айтып, грант арқылы оқыту кеңейіп, 12 жеке меншік IT-мектеп ашылғанын жеткізді.

Жуырда Нью-Йоркке жасаған сапарым аясында «Digital Nomads» IT-қауымдастығындағы жас отандастарымызбен кездестім. Олар АҚШ, Еуропаның ірі компанияларында жұмыс істейді және жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті. Қазіргі таңда Қазақстанда да халықаралық деңгейдегі өнімдерді жасауға қабілетті талантты адамдар аз емес. Сондықтан Үкіметке келесі міндеттер қойылады: бір жағынан, жастар қай жерде жұмыс істесе де, оларға қолдау көрсету керек, ал екінші жағынан, оларды еліміздегі цифрландыру ісіне барынша араластыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру