присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды

24 наурыз 2022 11:30
Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды

Қостанай қаласына жаңа әкім болып Марат Жүндібаев тағайындалды. Бұл туралы Taunews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қостанай қаласы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Жүндібаев Марат Қонысбайұлы Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды», - делінген әкімдік хабарламасында.

Марат Жүндібаев 20 жылдан астам Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болды, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарған.

М.Жүндібаев Қостанай ауданы Новоселов ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қайрат Ахметов берген өтінішіне сәйкес өз қалауы бойынша атқаратын қызметінен босатылды. Архимед Мұхамбетов Қайрат Ахметовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру