присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тоқаев Мәжілісті тарату жөнінде кеңес өткізді

19 қаңтар 2023 14:33
Тоқаев Мәжілісті тарату жөнінде кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының төрағаларымен және премьер-министрмен Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы референдумда саяси өзгерістерге, соның ішінде Парламентті және мәслихаттарды жасақтау тәртібін жаңартуға қолдау білдіргенін айтты.

 Мен қыркүйектегі жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Енді Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуіміз керек, – деді ол.

Кеңес барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов және премьер-министр Әлихан Смайылов сөз сөйледі.

Кездесу соңында президент барлық айтылған ой-тұжырымдарды ескеріп, нақты шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру