Италия құрамасы футболдан әлем чемпионатының жолдамасынан айырылып қалды
Футболдан Италия құрамасы 2022 жылы өтетін әлем чемпионатының жартылай финалындағы өтпелі ойында Солтүстік Македониядан ұтылып қалды, деп хабарлайды Taunews.kz.
Италияның Палермо қаласындағы «Ренцо Барбера» стадионында өткен матч 1:0 есебімен аяқталды. Солтүстік Македония сапынан Александар Трайковски ойынның негізгі уақытына қосылған екі минутта гол салып кетті.
Осылайша, былтыр ғана Еуропа чемпионы атанған итальяндар биыл әлем чемпионатының жолдамасынан айырылып қалды. Роберто Манчини жаттықтыратын ұжым топтық кезеңде Швейцарияны алға жіберіп, екінші болды.
Енді Солтүстік Македония өтпелі ойындардың финалында Криштиану Роналду бастаған Португалиямен күш сынасады. Бұл матч 29 наурыз күні Португалияның Порту қаласында өтеді.
Айта кетейік, Италия 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатына да қатыса алмаған еді. Осылайша «Скуадра Адзурра» ұжымы екінші мәрте әлем чемпионатынан тыс қалып отыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 қазан 2022 13:40
31 наурыз 2021 11:59
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ