Жас қазақстандық Грузияда үстел теннисінен өткен турнирде жеңімпаз атанды
Тбилисиде жастар арасында үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтуде, оған қазақстандық жас спортшылар қатысып жатыр.
Әлемнің көптеген елінен келген болашағы зор және дарынды шағын ракетка шеберлері әртүрлі жас санаттарында өнер көрсетіп жатыр, деп мәлімдеді Қазақстан үстел теннисі федерациясының баспасөз қызметі.
Осы мәртебелі жарыста түркістандық 11 жастағы Марлен Жұмағұл күміс медальді жеңіп алды. Оңтүстікқазақстандық теннисші алдын ала ойындарда Альмусайбты (БАӘ) – 3:0 есебімен ұтқанымен, Рашедтен (БАӘ) жеңіліп қалды – 1:3.
1/4 финалдық кезеңде Марлен Мате Гамбарашвилиді (Грузия) – 3:1, ал жартылай финалда Юсеф Альхавайды (БАӘ) ұтты – 3:2. Өкінішке қарай, бірінші орын үшін өткен кездесуде ирандық Фараз Шакибадан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ