присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ұлытау облысында аурухана есепшілері бюджет қаражатын жымқырған

01 желтоқсан 2023 11:47
Ұлытау облысында аурухана есепшілері бюджет қаражатын жымқырған

Ұлытау облысы Жәйрем кентінің ауруханасында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды.

Қаражал қаласы прокуратурасының мәлметінше, осы медициналық мекеменің екі есепшісі 2021-2022 жылдары ауруханада іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға («өлі жандар») 5,1 млн теңгені заңсыз аударған. Әрі қарай жымқырылған қаражатты олар өз пайдаларына жұмсаған.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қаражал қалалық сотының үкімімен (заңды күшіне енді) Жәйрем кенті ауруханасының бухгалтерлері кінәлі деп танылып, оларға бас бостандығын шектеу түріндегі жазалар тағайындалды (2 жыл және 3 жыл 6 ай мерзімге), – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазір атқарушылық іс жүргізу қозғалып, мемлекетке келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру