Алматы облысында мектептерді жөндеуге бөлінген қомақты қаржы қолды болды
Алматы облысында ауылдағы екі мектепті жөндеуге бөлінген қомақты қаржының аса ірі мөлшерде жымқырылғаны анықталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
2020 жылғы мамырда Алматы облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі мен «ПМК-7К» ЖШС арасында жалпы сомасы 855 млн теңгеге «Сарыбастау» және «Қарағаш» ауылдарындағы екі мектептің күрделі жөндеуін өткізуге келісімшарт жасалған.
Құрылыс жұмыстары кезінде аталған компанияның басшысы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстардың бөлігін орындамай, орындалған жұмыстардың актілерін қолдан жасап, аса ірі мөлшерде ақша жымқырған. Қылмыстық әрекет салдарынан «ПМК-7К» ЖШС есеп айырысу шотына 57,5 млн теңге заңсыз аударылды, – деп жазылған хабарламада.
Тергеу нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, айыптау үкімі шықты.
Сондай-ақ сотталушы мемлекетке келтірілген 57,5 млн теңге сомасындағы залал толық өтелді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ