Биыл елімізде 96 мектеп ашылды
Оқу-ағарту министрлігі үш ауысымды, апатты жағдайдағы мектептердің проблемаларын жүйелі түрде шешу үшін жаңа мектеп салу мәселесімен айналысып жатыр.
Бүгінде өңірлерде 88 мың оқушыға арналған 96 жаңа мектеп ашылды. Министрліктің хабарлауынша, жыл соңына дейін түрлі қаржы көздері есебінен 132 мың орынға арналған 154 мектеп, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 оқушыға 62 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл 12 апатты жағдайдағы және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін, 113 елді мекендегі оқушы орындарының тапшылығын шешеді.
Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асып жатыр. Биыл 217 мектептің құрылысы басталды. Олар 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ұлттық жоба ең алдымен қалалар мен болашағы бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептер салуға, оқушылар мен педагогтерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға арналған.
Жалпы, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салу жоспарланып отыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ