БҚО-да құны 250 млн-нан асатын жерлер заңсыз берілген
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының прокуратурасы мемлекет меншігіне 253 млн теңге тұратын көлемі 332 гектар жер телімін қайтарды.
Аудан прокуратурасы талап арызының қаралуы бойынша мемлекет қорына шаруа қожалығын жүргізуге бөлінген 216 гектар жайылымдық жер қайтарылған. Тексеру кезінде жер телімінің жер заңнамасы талаптарын бұза отырып берілгені анықталған, сонымен ол өз мақсатында пайдаланылмаған.
Батыс Қазақстан облысының арнайы мамандандырылған экономикалық сотында прокуратураның талап арызы қанағаттандырылып, 2017 жылғы келісімшарт заңсыз деп танылды.
Облыстық соттың қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ