Қазақстан ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болды
Қазақстан 2023-2027 жылдарға ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин хабарлады.
Парижден жағымды жаңалық жетті. ЮНЕСКО Бас конференциясы жұмысының соңғы күні Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Құрамына 21 мемлекет кіретін Дүниежүзілік мұралар комитеті ─ ЮНЕСКО-ның аса маңызды әрі беделді басқарушы органы. Бұл Комитеттің нысандарды Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге және алып тастауға айрықша құқығы бар, - деп жазды Қарин.
Айтуынша, Қазақстанның кандидатурасын 118 мемлекет қолдады.
Еліміздің Дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болып сайлануы бірегей мәдени және табиғи мұраларамызды сақтауға қатысты белсенді жұмысымызды халықаралық қауымдастықтың мойындайтынын көрсетеді, - деп жазды Мемлекеттік кеңесші.
Сондай-ақ бұған дейін ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесіне Орталық Азия мемлекеттерінен бөлек Ауғанстан, Пәкістан және Иран мемлекеттерін қамтитын Көпсекторлы аймақтық кеңсе (Бюро) мәртебесін беру туралы шешім қабылданған.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ