присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстан ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болды

23 қараша 2023 10:54
Қазақстан ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болды

Қазақстан 2023-2027 жылдарға ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин хабарлады.

Парижден жағымды жаңалық жетті. ЮНЕСКО Бас конференциясы жұмысының соңғы күні Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Құрамына 21 мемлекет кіретін Дүниежүзілік мұралар комитеті ─ ЮНЕСКО-ның аса маңызды әрі беделді басқарушы органы. Бұл Комитеттің нысандарды Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге және алып тастауға айрықша құқығы бар, - деп жазды  Қарин.

Айтуынша, Қазақстанның кандидатурасын 118 мемлекет қолдады.

Еліміздің Дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болып сайлануы бірегей мәдени және табиғи мұраларамызды сақтауға қатысты белсенді жұмысымызды халықаралық қауымдастықтың мойындайтынын көрсетеді, - деп жазды Мемлекеттік кеңесші.

Сондай-ақ бұған дейін ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесіне Орталық Азия мемлекеттерінен бөлек Ауғанстан, Пәкістан және Иран мемлекеттерін қамтитын Көпсекторлы аймақтық кеңсе (Бюро) мәртебесін беру туралы шешім қабылданған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру