присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жаңаөзенде жаңа электр стансасы салынады

09 маусым 2023 10:45
Жаңаөзенде жаңа электр стансасы салынады

«ҚазМұнайГаз» бен Eni Жаңаөзенде гибридті электр стансасын салу жобасын іске асыру бойынша келісімге қол қойды.

Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және Eni компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци Жаңаөзен қаласында жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) негізінде гибридті электр стансасының жобасын бірлесіп іске асыру қағидаты туралы келісімге қол қойды.

Қазақстандағы бірегей жоба «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өңірдегі еншілес компаниялары үшін тұрақты электр энергиясын өндіретін әрі жеткізетін, қуаты 50 МВт күн электр стансасы, қуаты 77 МВт жел электр стансасы, қуаты 120 МВт газ электр стансасынан тұрады.

Eni халықаралық тәжірибені қолданып, новаторлық гибридті кешенді салуды жоспарлап отыр.

Жоба Маңғыстау облысын электрмен қамтуды әртараптандыруға және көміртек ізін азайтуға, өңірдегі білікті мамандарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен серіктестерімізбен келісімге қол қойдық. Бұл айрықша мәнге ие. Өйткені жоба президенттің экономиканы декарбонизациялау және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылады. Eni компаниясындағы әріптестерімізбен сәтті келіссөз жүргізіп, Қазақстан энергетикасы үшін аса маңызды жобаның іске асуына қадам бастық, - деді Мағзұм Мырзағалиев.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру