присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Пара таеквондодан ӘЧ: Қазақстан үш медаль жеңіп алды

28 наурыз 2024 11:38
Пара таеквондодан ӘЧ: Қазақстан үш медаль жеңіп алды

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының хабарлауынша, Қырғызстанның Бішкек қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтіп жатқан таеквондодан әлем чемпионатында Диас Рысбеков 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды.

Сонымен бірге 58 келіге дейінгі салмақта Аян Абдраш күміс жүлдені, Мәди Сейсенбаев осы салмақта қола медальді иеленді.

Әлем чемпионы атанған Диас Рысбековтің таеквондомен айналысқанына 10 жылға жуық уақыт болыпты. Бұл оның алғашқы әлем чемпионаты екен.

Менің таеквондомен айналысқаныма 9 жыл болды. Бұл – менің алғашқы әлем чемпионатым. Қарысыластар өте мықты болды. Жарыста Грекия, Тайбей, Қырғызстан мен Өзбекстан спортшыларымен сынға түстім. Финалдық бәсекеде өзбекстандық спортшымен кездесіп, оны 2:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атандым. Мен өз жетістігіме өте қуаныштымын, – деді ол.

Әлем чемпионаты 25 наурызда басталды. Ол 30 наурызға дейін жалғасады. Жарысқа 13 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасында 22 спортшы күш сынасуда.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру