27 Қараша 2026, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.85 ₸
    EUR EUR 503.5 ₸
    RUB RUB 5.59 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Астанада боран соғып, аяз күшейеді: алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

    27 Қараша, 2026
    Астанада боран соғып, аяз күшейеді: алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

    Фото: istockphoto.com

    Алдағы демалыс күндері Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы әртүрлі болады. Астанада қар жауып, боран соғады, сондай-ақ көктайғақ пен желдің күшеюі болжанып отыр. Алматыда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтілсе, Шымкентте негізінен жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады.

    Астана

    27 қарашада елордада аспанды бұлт торлап, мезгіл-мезгіл қар жауады. Жер бетінен бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ қалыптасуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрді құрайды. Оның екпіні 15–20 метрге, ал түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде 23–28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -2…0 градус шамасында болады.

    28 қарашада да қар жауып, боран соғуы ықтимал. Көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыс бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 17–22 метр болады. Температура түнде және күндіз -5…-7 градусқа дейін төмендейді.

    29 қарашада елордада күн бұлтты болып, ара-тұра қар жауады. Түнгі уақытта бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын жел секундына 9–14 метрге жетіп, түнде және таңертең екпіні 15–20 метр болады. Түнде ауа температурасы -8…-10 градусқа дейін төмендеп, күндіз -5…-7 градус шамасында сақталады.

    Алматы

    27 қарашада оңтүстік астанада ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, кей уақытта күшеюі мүмкін. Сонымен қатар тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +3…+5, күндіз +5…+7 градус болады.

    28 қарашада да күн құбылмалы болады. Түнде жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-шығыс бағытқа ауысып, секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнгі температура +2…+4, күндіз +6…+8 градус болады.

    29 қарашада жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрді құрайды. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус болса, күндіз +6…+8 градусқа дейін көтеріледі.

    Шымкент

    27 қарашада Шымкентте күн құбылмалы болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр болады. Ауа температурасы түнде +4…+6, күндіз +8…+10 градус шамасында күтіледі.

    28 қарашада жауын-шашын болжанбайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +2…+4, күндіз +8…+10 градус болады.

    29 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Түнгі уақытта ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +6…+8 градус болады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Жезқазғанда 20 жыл бұрын адам өлтірді деген күдікті Ыстамбұлда ұсталды

    Келесі жазба

    Полиция жүргізушілерге қысқы дөңгелекке ауысу мерзімін еске салды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    БҚО-да 150-ге жуық жылқы ұрлаған төрт күдікті ұсталды: оларға 12 жылға дейін жаза қаупі төніп тұр

    Полиция жүргізушілерге қысқы дөңгелекке ауысу мерзімін еске салды

    Астанада боран соғып, аяз күшейеді: алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

    Жезқазғанда 20 жыл бұрын адам өлтірді деген күдікті Ыстамбұлда ұсталды

    Астанада салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді

    Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 12, 14 және 15 жастағы үш оқушы ұсталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    imunify-bot-check
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.85 ₸
    EUR EUR 503.5 ₸
    RUB RUB 5.59 ₸

    © 2025 TauNews