Түркияның Ыстамбұл қаласында Ресей құқық қорғау органдары халықаралық іздеуге жариялаған 50 жастағы Витта М. ұсталды. Ол 2006 жылы қарашада Жезқазғанда болған кісі өлтіру оқиғасына қатысы бар деген күдікке ілінген. Бұл туралы Azattyq Rýhy Haberler басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Басылым мәліметінше, ұсталған азамат қылмыстық топтың болжамды жетекшісіне жасалған қарулы шабуыл ісі бойынша іздеуде болған.
Күдікті Ыстамбұлдың Бакыркөй ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен анықталған. Оны ұстау операциясын қоғамдық қауіпсіздік басқармасының іздеуде жүрген адамдарды анықтау бөлімінің қызметкерлері жүргізген. Қазіргі уақытта оған қатысты тиісті процессуалдық әрекеттер жалғасып жатыр.
Қанды оқиға 2006 жылы болған
Тергеу материалдарына сәйкес, 2006 жылғы 28 қарашада Жезқазған қаласында қылмыстық топтың болжамды жетекшісіне қарулы шабуыл жасалған. Ер адам көлігімен үйіне қайтып келе жатқан кезде белгісіз біреулер оның автокөлігіне оқ атқан. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмған.
Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында марқұмның ірі өнеркәсіптік компанияға миллиондаған доллар көлемінде шығын келтірген қылмыстық топты басқарғаны туралы мәліметтер жарияланған.
Қазіргі таңда ұсталған Витта М. аталған кісі өлтіруді тікелей орындауға қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Оның нақты рөлі тергеу барысында анықталмақ.
USD