26 Қараша 2026, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.57 ₸
    EUR EUR 501.54 ₸
    RUB RUB 5.57 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 12, 14 және 15 жастағы үш оқушы ұсталды

    26 Қараша, 2026
    Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 12, 14 және 15 жастағы үш оқушы ұсталды

    Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

    Алматыда есірткі таратты деген күдікпен 12, 14 және 15 жастағы үш оқушы ұсталды

    Алматыда есірткі заттарын заңсыз сақтап, жасырын орындарға орналастырды деген күдікпен үш кәмелетке толмаған қыз ұсталды. Олардың ең кішісі небәрі 12 жаста. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталған қыздардың жасы 12, 14 және 15-те. Үшеуі де мектеп оқушылары, 7 және 9-сыныптарда білім алады.

    Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмағандардың есірткі айналымына қандай жағдайда тартылғаны және істің өзге де мән-жайлары анықталуда.

    Осы оқиғаға байланысты Бас прокуратура есірткі бизнесіне қатысудың салдары туралы ескерту жасады. Ведомство интернет арқылы заңсыз әрекет жасаған адамдар өздерінің жеке басын жасыра алады деп ойлағанымен, олардың цифрлық іздері сақталатынын атап өтті.

    Прокуратура өкілдерінің түсіндіруінше, есірткі сататын интернет-дүкендерге кіру, олардың әкімшілерімен хат алмасу және басқа да байланыстар құқық қорғау органдары үшін маңызды ақпарат көзі болуы мүмкін.

    Сондай-ақ есірткі тасымалдаушы немесе жасырын орындарға есірткі қалдырушы ретінде жұмыс істеуге келіскен адамдар да жауапкершіліктен құтылмайды.

    Бас прокуратура азаматтарды, әсіресе жастарды, оңай табыс табуға уәде беретін күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға шақырды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Шымкентте қызға стақан лақтырып, тісін сындырған ер адам қамауға алынды

    Келесі жазба

    Астанада салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Астанада салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді

    Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 12, 14 және 15 жастағы үш оқушы ұсталды

    Шымкентте қызға стақан лақтырып, тісін сындырған ер адам қамауға алынды

    Атырауда әйелін 28 рет пышақтаған ер адамның сотында жан түршігерлік деректер айтылды

    Астанада пайызсыз баспана алуға уәде берген Buyers Union ұйымының басшылары сотталды

    Алматыда түнгі өрттен бес адам қаза тапты, олардың арасында бала бар

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    imunify-bot-check
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.57 ₸
    EUR EUR 501.54 ₸
    RUB RUB 5.57 ₸

    © 2025 TauNews