26 Қараша 2026, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.57 ₸
    EUR EUR 501.54 ₸
    RUB RUB 5.57 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Астанада пайызсыз баспана алуға уәде берген Buyers Union ұйымының басшылары сотталды

    26 Қараша, 2026
    Астанада пайызсыз баспана алуға уәде берген Buyers Union ұйымының басшылары сотталды

    Фото: istockphoto.com

    Астанада пайызсыз баспана уәде еткен Buyers Union қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды
    Астанада азаматтарға пайызсыз баспана мен автокөлік алып беруге уәде етіп, ақша жинаған Buyers Union ұйымының бес өкіліне сот үкімі шықты. Қаржы пирамидасын ұйымдастырған негізгі тұлға 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал оның төрт сыбайласына 5 жыл 6 айдан 6 жыл 6 айға дейін түрме жазасы тағайындалды.

    Сот материалдарына сәйкес, Buyers Union өзін тұтыну кооперативі ретінде таныстырған. Ұйым өкілдері азаматтарға пайызсыз тұрғын үй мен көлік сатып алуға мүмкіндік беретінін айтып, осылайша салымшыларды тартқан.

    Қаржы жинау жұмыстары 2024 жылдың маусымынан 2025 жылдың ақпанына дейін жүргізілген. Нәтижесінде 44 азамат қаржылық шығынға ұшыраған.

    Сот қандай жаза тағайындады?

    Сот отырысында бес айыпталушы да өз кінәсін мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетінін жеткізген. Үкім шығару кезінде олардың бұл жағдайы және кәмелетке толмаған балаларының болуы ескерілген.

    Сонымен қатар сотталушылардың 2026 жылғы ақпанда осы баптар бойынша бұрын да сотталғаны анықталған. Осыған байланысты жаңа жазаға алдыңғы үкім бойынша өтелмеген мерзімнің бір бөлігі қосылды.

    Нәтижесінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 7 жыл 6 айға, оның бір көмекшісі 6 жыл 6 айға, ал қалған үш қатысушы 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

    Бұдан бөлек, сотталғандардың барлығына сегіз жыл мерзімге азаматтардың ақшасы мен инвестициясын тартуға тыйым салынды.

    Жәбірленушілерге 111 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылады

    Сот шешімімен бес сотталушыдан жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өтеу үшін ортақ жауапкершілік тәртібімен 111 млн 168 мың теңге өндірілетін болды.

    Сондай-ақ жәбірленушілер өкілдерінің қызметіне ақы төлеу үшін қосымша 700 мың теңге өндіру туралы шешім қабылданды.

    Айта кетейік, әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Алматыда түнгі өрттен бес адам қаза тапты, олардың арасында бала бар

    Келесі жазба

    Атырауда әйелін 28 рет пышақтаған ер адамның сотында жан түршігерлік деректер айтылды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Астанада салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді

    Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 12, 14 және 15 жастағы үш оқушы ұсталды

    Шымкентте қызға стақан лақтырып, тісін сындырған ер адам қамауға алынды

    Атырауда әйелін 28 рет пышақтаған ер адамның сотында жан түршігерлік деректер айтылды

    Астанада пайызсыз баспана алуға уәде берген Buyers Union ұйымының басшылары сотталды

    Алматыда түнгі өрттен бес адам қаза тапты, олардың арасында бала бар

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    imunify-bot-check
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.57 ₸
    EUR EUR 501.54 ₸
    RUB RUB 5.57 ₸

    © 2025 TauNews