26 Қараша 2026, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.57 ₸
    EUR EUR 501.54 ₸
    RUB RUB 5.57 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Шымкентте қызға стақан лақтырып, тісін сындырған ер адам қамауға алынды

    26 Қараша, 2026
    Шымкентте қызға стақан лақтырып, тісін сындырған ер адам қамауға алынды

    Фото: скриншот

    Шымкенттегі кофеханада қызға стақан лақтырған ер адам қамауға алынды

    Шымкент қаласындағы кофеханалардың бірінде болған жанжалға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға салдарынан бойжеткен жарақат алып, медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған. Күдікті полиция қызметкерлерімен ұсталып, қамауға алынды.

    Бұған дейін әлеуметтік желілерде жанжалдың видеосы тараған еді. Жәбірленуші Диана Болшынбаеваның айтуынша, ол екі құрбысымен бірге кофеханада отырған кезде көрші үстелге бірнеше ер адам келген. Қыздардың сөзінше, ер адамдар қатты сөйлеп, олардың ескертуіне құлақ аспаған. Сонымен қатар бойжеткендермен танысуға тырысқан.

    Алайда қыздар танысудан бас тартқаннан кейін де ер адамдар оларды мазалауын тоқтатпаған. Жәбірленушінің айтуынша, жанжал барысында ер адамдардың бірі оны қорлайтын сөз айтып, қойға теңеген.

    Бұған жауап ретінде Диана өз наразылығын білдірген. Осыдан кейін ер адам оған шыныаяқ лақтырған. Ыдыс бойжеткеннің бетіне тиіп, салдарынан тісі сынған, ерні жарылып, қолына шыны сынықтары кірген.

    Оқиғадан соң жанжалға қатысқан ер адамдар полиция келгенге дейін кофеханадан кетіп қалған. Ал зардап шеккен қыздар құқық қорғау органдарын күтіп, кейін медициналық көмекке жүгінген.

    Шымкент қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, әйелдің беті мен қолынан жарақат алғаны расталған.

    «Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол ұсталып, қамауға алынды», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің өкілі.

    Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Атырауда әйелін 28 рет пышақтаған ер адамның сотында жан түршігерлік деректер айтылды

    Келесі жазба

    Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 12, 14 және 15 жастағы үш оқушы ұсталды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Астанада салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді

    Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 12, 14 және 15 жастағы үш оқушы ұсталды

    Шымкентте қызға стақан лақтырып, тісін сындырған ер адам қамауға алынды

    Атырауда әйелін 28 рет пышақтаған ер адамның сотында жан түршігерлік деректер айтылды

    Астанада пайызсыз баспана алуға уәде берген Buyers Union ұйымының басшылары сотталды

    Алматыда түнгі өрттен бес адам қаза тапты, олардың арасында бала бар

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    imunify-bot-check
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.57 ₸
    EUR EUR 501.54 ₸
    RUB RUB 5.57 ₸

    © 2025 TauNews