Қаржы мониторинг агенттігінің Астанадағы департаменті қалада бірнеше филиал ашып, азаматтардың бұйымдарын үлкен пайызбен кепілге алған ломбардтың қызметіне тосқауыл қойды.
Ломбардтың атауы «01market». Айта кетейік, ашық дереккөздерге сүйенсек, бұл ломбардтың Астанада кемі екі филиалы болған.
«Тергеу мәліметінше, 2021 жылдан бері күдіктінің бақылауында үш жеке кәсіпкерлік болған. Олар тиісті лицензиясыз мүлікті кепілге алып, қарыз беріп келген», – деп хабарлайды ҚМА.
Ломбард шынайы жұмысын жасыру үшін клиенттерге комиссиялық сауда мәмілесі жасалғандай етіп кепіл билеттерін рәсімдеген. Олар азаматтарға қарызды 30 күн уақытқа қолма-қол берген және күніне 0,25% сыйақы есептеген.
«Қарызды уақытында қайтармағандарға қосымша айыппұл салынып, ол төленбеген жағдайда кепілге қойылған мүлік сатылған. Заңсыз қызметтен түскен табыс 102 миллион теңгеден асқан», – деп хабарлайды ҚМА.
Айта кетейік, қазір тергеу заңсыз ақшаға кемі екі пәтер, үш көлік және екі кеңсеге арест қойған. текст дащып берші уникально
USD