Астанада төбелес кезінде қару қолданған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Оқиға барысында сотталған азамат жанжалға қатысқан адамдардың бір тобына қару кезеп, бір рет оқ атқан. Бұған дейін ол аспанға қарай екі рет оқ шығарған.
Прокуратураның мәліметінше, жанжалға қатысқан жігіттер оқиға орнынан қашып үлгерген. Осы себепті атылған оқ ешкімге тимеген.
Мемлекеттік айыптаушылар сотта сотталушының әрекеті қоғамға елеулі қауіп төндіргенін атап өтіп, оған қатаң жаза тағайындауды сұрады.
Істі қараған сот тараптардың дәлелдері мен ұстанымдарын ескеріп, ер адамды кінәлі деп таныды. Нәтижесінде оған бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
USD