Қазақстаннан шетелге декларацияланбаған ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны заңсыз алып шығу әрекеттерінің 59 дерегі анықталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, он күн ішінде тәркіленген қаражаттың жалпы сомасы 508 миллион теңгеден асқан.
Анықталған жағдайлардың бірі 18 қарашада Ақтөбе облысындағы шекаралық өткізу пунктінде тіркелді. Тексеру барысында Қазақстан азаматының жүгінен 4 миллион 441 мың 500 Ресей рублі табылған. Бұл шамамен 23 миллион теңгеге тең.
Тағы бір дерек 23 қарашада «Қордай» өткізу пунктінде анықталды. Бұл жолы шетелдік азаматтың 200 мың АҚШ долларын тиісті декларациясыз шекарадан алып өтпек болғаны белгілі болды.
ҰҚК баспасөз қызметі қолданыстағы заңнама талаптарын да еске салды. Қазақстаннан 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол шетел валютасын алып шығуға тыйым салынған.
Ведомство азаматтарды шекарадан өту кезінде валютаны тасымалдау ережелерін сақтауға шақырды.
USD