20 Қазан 2026, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.59 ₸
    EUR EUR 507.67 ₸
    RUB RUB 5.48 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Енді жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

    13 Наурыз, 2025
    Енді жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

    Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн ауыстыра алады. Бұл қызмет құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған, құжат жоғалған, ұрланған немесе төлқұжат деректері өзгерген жағдайда қолжетімді. Қызмет іске қосылғаннан бері оны 7 000-нан астам адам пайдаланды.

    Қызметтің басты ерекшелігі – бұрын берілген жеке куәлік немесе төлқұжаттағы фотосуретті пайдалану мүмкіндігі. Негізгі шарт – фотосуреті бар құжат соңғы үш жыл ішінде шығарылған болуы тиіс.

    Қызметті пайдалану үшін:

    • eGov Mobile мобильді қосымшасына авторизациядан өтіп, «Қызметтер» бөліміне өту қажет;
    • «Жүргізуші және көлік» бөлімінен «Жүргізуші куәлігін беру» қызметін таңдау;
    • дайын құжатты алатын ХҚКО-ны таңдау;
    • жүргізуші куәлігін ауыстыру себебін көрсету және фотосуретті жүктеу;
    • қолтаңба үлгісін жүктеп, байланыс нөмірін енгізу керек;
    • мемлекеттік бажды төлеу қажет (4 915 теңге);
    • өтінімді Face/Touch ID көмегімен растау қажет;
    • қызмет нәтижесі «Хабарламалар» бөлімінде қолжетімді болады.

    Өтінім мақұлданғаннан кейін жүргізуші куәлігін таңдаған ХҚКО-дан жеке куәлікті және қолданыстағы жүргізуші куәлігін ұсыну арқылы алуға болады. Жаңа құжат берілгенге дейін бұрынғы куәлік жарамды болып қала береді (егер оның мерзімі аяқталмаса).

    Қызмет eGov.kz порталында да қолжетімді. Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Адам ағзасын саудалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды

    Келесі жазба

    Елімізде жалақысы ең жоғары мамандықтар анықталды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Астанадан Павлодарға қатынайтын жолаушылар саны артты

    Қарағандыда зейнеткер 3 миллион теңгесін алаяқтарға бере жаздады

    ҰҚК алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 13 Қытай азаматын Қазақстаннан шығарды

    Рамазан-2027: ораза 8 ақпанда басталады

    Жамбыл облысында көл ортасындағы тасқа жабысып қалған баланы полицейлер құтқарды

    БҚО-да мотоцикл жүргізушісі апаттан кейін ауруханада көз жұмды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 452.59 ₸
    EUR EUR 507.67 ₸
    RUB RUB 5.48 ₸

    © 2025 TauNews