Көкшетау қаласындағы Васильков шағын ауданында жұмысшы биіктіктен құлап, жарақат алған болуы мүмкін. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам баспалдақ алаңынан кемінде бес метр биіктіктен құлаған.
Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары болған жағдайдың себептері мен өзге де мән-жайларын анықтап жатыр.
Аталған оқиғаға қатысты Ақмола облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті де түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, жұмыс беруші тарапынан жазатайым оқиға туралы ресми хабарлама келіп түспеген.
Қазіргі уақытта еңбек инспекциясы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
Департамент жұмыс орнында болған жазатайым оқиға туралы тиісті органдарға хабарламау үшін жұмыс берушіге әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
USD