12 Қазан 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Тоқаев Бельгия королі мен патшайымымен келіссөз жүргізді

    12 Қазан, 2026
    Тоқаев Бельгия королі мен патшайымымен келіссөз жүргізді

    Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильдамен шағын құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту және екіжақты серіктестікті нығайту мәселелері сөз болды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Мемлекет басшысы Бельгия королі мен патшайымының Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапарының маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

    Тоқаев Бельгия делегациясының құрамында үкімет пен өңірлік билік өкілдері, кәсіпкерлер, академиялық қауымдастық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келгенін атап өтті. Сондай-ақ ол корольдің Қазақстанмен байланыстарды дамытуға деген ықыласын жоғары бағалайтынын жеткізді.

    Президент Бельгияны Қазақстанның Еуропадағы сенімді серіктестерінің бірі ретінде атап, екі ел арасындағы қарым-қатынастар достық пен өзара құрметке негізделгенін айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, келесі жылы Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толады. Осы кезеңде тараптар саяси диалогты дамытып, түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтып келеді.

    Мемлекет басшысы Бельгияның жетістіктеріне тоқталып, елдің тәжірибесін зерделеудің маңызын атап өтті. Сонымен қатар ол бес жыл бұрын Бельгияға жасаған сапарын еске алып, биыл маусым айында премьер-министр Барт де Вевермен өткен кездесу туралы айтты.

    Президенттің пікірінше, жоғары деңгейдегі тұрақты диалог екіжақты серіктестікті одан әрі нығайтуға негіз болады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Тоқаев мәслихат сайлауына байланысты премьер-министр және Құрылтай төрағасымен кеңес өткізді

    Келесі жазба

    Көкшетауда жұмысшы бес метр биіктіктен құлап, полиция қылмыстық іс қозғады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстандықтар несие алғаннан кейін 14 күн ішінде одан бас тарта алады

    ҚМА Перизат Қайраттың Дубайдағы қымбат үйлеріне қатысты мәлімдеме жасады

    Көкшетауда жұмысшы бес метр биіктіктен құлап, полиция қылмыстық іс қозғады

    Тоқаев Бельгия королі мен патшайымымен келіссөз жүргізді

    Тоқаев мәслихат сайлауына байланысты премьер-министр және Құрылтай төрағасымен кеңес өткізді

    Алматыда ауыр жол апаты болды: жүргізуші оқиға орнын тастап кеткен

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸

    © 2025 TauNews