Өскеменде кәмелетке толмаған қызын туған күнімен құттықтап, ернінен сүйген әкенің әрекетіне қатысты полиция тексеру жүргізіп, құқықбұзушылық белгілерін анықтамады. Бұл туралы Құрылтайдағы Үкімет сағатында ІІМ өкілі Асхат Дүйсембеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, аталған жағдай бойынша ресми тіркеу жүргізіліп, барлық мән-жай жан-жақты тексерілген.
Тексеру қорытындысында әкенің әрекетінен қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық құрамы табылмаған. Осыған байланысты материалды номенклатуралық іске есептен шығару туралы шешім қабылданған.
«Дерек тіркелді. Жан-жақты әрі мұқият тексеру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан, аталған деректі номенклатуралық іске есептен шығару туралы шешім қабылданды», – деді Асхат Дүйсембеков.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде әкенің қызын туған күнімен құттықтаған сәті түсірілген видео таралып, қоғамда қызу талқылау тудырған болатын.
USD