Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қараша күні Ермек Сағымбаевты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ермек Сағымбаев 1967 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Оның бірнеше жоғары білімі бар. Қызметтік жылдары мемлекеттік наградалармен, соның ішінде I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, сондай-ақ түрлі ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Ол ҚР Мемлекеттік күзет қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.
2020 жылы оған Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры, ал 2022 жылы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.
Еңбек жолы:
-
1994–2006 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел және басшылық қызметтер атқарды.
-
2006–2019 жылдары ҚР Президентінің Күзет қызметінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
-
2019–2021 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президенттің Күзет қызметінің бастығы болды.
-
2021–2022 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарып, кейін мекеме басшысы қызметін атқарды.
-
2022 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
Осылайша, Ермек Сағымбаев төрт жылға жуық уақыт бойы еліміздің басты қауіпсіздік органын басқарды.
USD