2 Қараша 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.64 ₸
    EUR EUR 508.17 ₸
    RUB RUB 5.59 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда алғашқы көмір-химия кешені салынады: Тоқаев құрылыс барысын тексерді

    2 Қараша, 2026
    Қазақстанда алғашқы көмір-химия кешені салынады: Тоқаев құрылыс барысын тексерді

    Фото: Ақорда

    Қазақстанда көмірді терең өңдейтін алғашқы кешеннің құрылысы қолға алынды. Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qarmet металлургиялық комбинатындағы жаңа өндіріс нысандарының құрылысымен танысты.

    Ақорда мәліметінше, президент №8 және №9 кокс батареяларының құрылыс барысын көрді. Жоба кәсіпорынның өндірістік қуатын арттырып, ескі технологиялық жабдықтарды жаңғыртуға бағытталған.

    Жаңа екі батарея жылына 1,5 миллион тонна құрғақ кокс өндіруге қауқарлы болады. Әрқайсысында биіктігі 7,6 метр болатын 54 пеш орнатылады. Құрылысқа технологиялық серіктес ретінде Қытайдың ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation компаниясы тартылған.

    Жаңа өндіріс іске қосылған соң домна пештері қажетті кокспен тұрақты қамтамасыз етіліп, өнім сапасын жақсартуға және экологиялық қауіпсіздік талаптарын күшейтуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар жаңа нысандар 1960-1970 жылдары пайдалануға берілген ескі өндіріс қуаттарының орнын басады. Оларды келесі жылы іске қосу жоспарланған.

    Жобаның тағы бір маңызды бағыты – Қазақстанда кокстеу өнімдерін терең өңдейтін алғашқы көмір-химия кешенін қалыптастыру. Бұл елдегі металлургия мен көмір химиясы саласының дамуына жаңа мүмкіндік ашпақ.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанда жыл басынан бері 80-ге жуық медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстанда алғашқы көмір-химия кешені салынады: Тоқаев құрылыс барысын тексерді

    Қазақстанда жыл басынан бері 80-ге жуық медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

    Отырар ауданында мүгедектігі бар балаларға тиесілі қаражат бірнеше жыл бойы игерілмеген

    Қарағандылық жас футболшыларға қатысты тың дерек жарияланды

    Алматыдағы «Арбатта» Хэллоуин мерекесін тойлаған жастарды полиция ұстады

    Ақтөбеде есірткі саудасынан түскен жүздеген миллион теңгені криптовалютаға айналдырған топ ұсталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.64 ₸
    EUR EUR 508.17 ₸
    RUB RUB 5.59 ₸

    © 2025 TauNews