Қазақстанда 9 айда 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды
Қазақстанда медициналық қызмет көрсету талаптарын бұзған ондаған ұйымның лицензиясы кері қайтарылды. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында осындай 78 жағдайды тіркеген.
Ведомствоның хабарлауынша, жүргізілген тексерулер барысында бірқатар медициналық мекемеде заң талаптарының сақталмағаны анықталған. Соның негізінде сот арқылы олардың қызметіне берілген лицензияларды қайтарып алу шаралары қабылданды.
Лицензиясынан айырылған мекемелердің қатарында стоматологиялық клиникалар да бар.
Министрліктің мәліметінше, мұндай бақылау жұмыстары ең алдымен пациенттердің қауіпсіздігін қорғауға, медициналық ұйымдардың лицензиялық талаптарды орындауын қамтамасыз етуге және медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Денсаулық сақтау министрлігі барлық медициналық мекемені қызмет барысында қолданыстағы заңнама мен қауіпсіздік стандарттарын қатаң сақтауға шақырды.
USD