присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Өтемақы қорынан ақша қалай беріледі

27 тамыз 2022 16:03
Өтемақы қорынан ақша қалай беріледі
Қазақстанда 2020 жылдан бастап қылмыстан зардап шеккен адамдарға өтемақы төленеді. Ол үшін арнайы қор бар. Материалдық және моральдық шығын өтелмесе, қордан ақша алуға болады.

 Заңға сәйкес, қылмыс жасаған адамдар өтемақы қорына мәжбүрлі түрде ақша аударады. Соның есебінен олардың әрекетінен зардап шеккендер емдеу, оңалту және тағы басқа мақсатта бір реттік материалдық көмек ала алады.
Қылмыстық кодекстің 46-бабында 124 қылмыс бойынша өтемақы төлеу қарастырылған.
Олар:
 
жыныстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының кәмелетке толмаған құрбандары;
 
қылмыс нәтижесінде денсаулығына ауыр зиян келген немесе адамның иммундық тапшылық вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдар;
 
жәбірленуші қайтыс болған жағдайда заңды өкілдері;
 
жәбірленуші деп танылған шетелдіктер мен азаматтық жоқ азаматтар.
Өтемақы жәбірленушіні әлеуметтік қолдауға арналған біржолғы төлем түрінде болып саналады. Оның мөлшері қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануына қарай 30-50 айлық есептік көрсеткішті (91 890 – 153 150 теңгені) құрайды.
Өтемақы тағайындау туралы өтінішті жәбірленуші деп танылған күннен бастап 3 жылдың ішінде беруге болады. Құжаттар тергеуші беріледі.
Олар:
 
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
 
банк шотының нөмірі;
 
адамды жәбірленуші деп тану туралы қаулының көшірмесі;
 
келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін растайтын құжат;
 
жәбірленуші қайтыс болған жағдайда оның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі.
Осы орайда маңызды бірнеше мәселені ескеру керек. Біріншіден, зардап шегуші кінәліден толық залалды одан әрі өндіріп алу мүмкіндігінен айырылмайды.
Екіншіден, өтемақы тек 2020 жылдың 1 шілдесінен кейін жасалған қылмыстар үшін ғана төленеді.
Ал кінәлі адам жәбірленушіге келтірген зиянды толық көлемде өтеп берсе, қордан төлем берілмеуі мүмкін.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру