10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді
10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді.
«Математика, физика, химия, биология пәндерінің сағаттарын көбейту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, оқу бағдарламалары да жаңартылады. Мұғалімдерге қосымша курстар ұйымдастырылады. «STEM» білім беру тәсілдеріне негізделген жаратылыстану-математика пәндерін оқытуды күшейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жоғары сыныптарда ағылшын тілін үйренуге, нақтырақ айтқанда, 10-11 сыныптардағы ағылшын тілі сағатын көбейтуге, бағдарламаларды жаңартуға және мұғалімдердің біліктілігін арттыруға баса мән беріледі. 2024 жылдан бастап «CEFR» бойынша 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаттарын ұлғайту мен қазақ және орыс тілдерін меңгеру үшін қажетті оқу жүктемесін қамтамасыз ету шаралары қабылданады», - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ