присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«20 млрд теңге жымқырған»: «Оператор РОП»-тың бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

11 наурыз 2022 10:25
«20 млрд теңге жымқырған»: «Оператор РОП»-тың бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

«Оператор РОП» ЖШС-ның бұрынғы бас директорына қатысты тергеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Taunews.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 млрд теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды», - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен экология вице-министрі және «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы ұсталған болатын.

Тергеу жалғасуда.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру