присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

2030 жылға қарай ШОБ-та жұмыс істейтіндер саны 5 млн адамға жетуі тиіс

19 сәуір 2022 09:45
2030 жылға қарай ШОБ-та жұмыс істейтіндер саны 5 млн адамға жетуі тиіс

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ҚР шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Құжатты қабылдаудың мақсаты – бизнестің экономикалық белсенділігін ынталандыру және дамыту және бәсекеге қабілетті ШОБ субъектілерін құру. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Үкіметтің отырысында мәлімдеді.

«ШОБ-ты дамыту тәсілдері пирамида қағидаты бойынша құрылады және Қазақстан Республикасында ШОБ-ты дамыту проблемаларын шешуге бағытталған мынадай міндеттерді орындау арқылы іске асырылады:

1) кәсіпкерлік белсенділікті қамтамасыз ететін институционалдық орта құру;
2) бизнес-ахуал мен бизнес-ортаға әсер ететін кәсіпкерлік қызметті реттеуді дамыту;
3) мемлекеттік қолдау шаралары құрылымының тиімділігін қамтамасыз ету», - деп атап өтті спикер.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тұжырымдамада мыналар жоспарланған:

- нарықтың жекелеген қатысушыларына әділетсіз артықшылықтар жасайтын барлық заңнамалық және реттеушілік актілердің күшін жою;
- ШОБ үшін реттеушілік кедергілерді қысқарту;
- шектеулі бюджет ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында жеке ресурстар алдында ұжымдық пайдаға артықшылық беру;
- жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған бизнес үшін сапалы өнеркәсіптік, инновациялық және креативті инфрақұрылымның артық ұсынысын жасауды ынталандыру;
- бизнес есептілігін автоматтандыру және цифрландыру;
- рұқсат беру құжаттарын қысқарту.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов аталған құжатқа сәйкес шағын және орта бизнестің дамуына жаңа серпін беру үшін қажетті институционалдық жағдайлар мен алғышарттар қабылданатынын алға тартты.  

«Тұжырымдаманы іске асыру 2030-шы жылға қарай осы салада жұмыс істейтіндердің санын 5 миллион адамға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, 2030-шы жылға қарай Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 40%-ке, Жалпы ішкі өнімдегі орташа компаниялардың үлесін 20%-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді. Азаматтарға кәсіпкерлік қабілеттерін іске асыруға тиісті жағдай жасап, ашық әрі адал бизнес жүргізгенде ғана аталған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін болады», - деді Премьер министр Әлихан Смайылов.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру