Алаяқ ақтөбелік зейнеткерді 36 миллион теңгеге алдап кеткен
Ақтөбеде зейнеткер альфонс жігіттен алданып қалды.
22 қыркүйекте Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына 65 жастағы әйелден арыз түскен. Ол әлеуметтік желіде танысқан алаяқтың құрбаны болғанын мәлімдеген. Ер адам өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырып, жәбірленішуге сыйлық пен ақша жіберемін деп мекенжайы мен толық аты-жөнін сұраған. Ал сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керегін айтып, есеп айырысу шотына ақша аударуды сұраған.
Сонымен қатар, "күйеу жігіт" зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанға көшуге ниетті екеніне сендірген. Ал әйел пәтерін сатып, шоттағы 36 миллион теңгеден аса қаражатты алаяққа аударып жіберген. Осы дерек бойынша тергеу басталған.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ