присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

04 наурыз 2022 14:15
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы  Абзал Бейсенбекұлы Алматы облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл қызметке Талғат Жапарханұлы Қозбеков тағайындалды, деп хабарлайды Taunews.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талғат Қозбеков Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Экономист-маркетолог»  және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша  бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Панфилов ауданы бойынша Салық комитетінің салық аудиті бөлімінде  салық инспекторы лауазымынан бастаған.
Әр жылдары бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.
2020 жылдан бастап Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру