Ауылдықтар қалалықтарға қарағанда ұзағырақ өмір сүреді
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауылдағылардың қала тұрғындарына қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін айтты
Оның айтуынша, бүгінде ауылда 7,8 млн адам тұрады. Бұл – Қазақстан халқының 41%-ы.
Ауыл халқының ішінде балалардың үлесі – 38%, ал қалғаны – ересектер. Бала туу жасындағы әйелдер 1,7 миллионнан асқан, - деді Ажар Ғиният ауылдағы денсаулық сақтау мәселесін талқалуға арналған Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Министр ауыл тұрғындарына 5 мыңнан аса медициналық ұйым қызмет көрсететінін атап өтті. Атап айтқанда, олар: 2 мыңнан аса медициналық пункт, 800 фельдшерлік-акушерлік пункт, мыңнан аса дәрігерлік амбулатория, 200-ден аса емхана, 203 аурухана.
Халықтың денсаулық көрсеткіштеріне жүргізілген талдауға сүйенсек, ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарынан тұрақты жоғары екенін көрсетті, - деді министр.
Министрлік мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 70,23 жас болған. Қаладағы көрсеткіш – 69,91 жас, ауылда – 70,79 жас.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ