присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«Азаматтарды алалау емес»: министр автонесиелеуге енетін өзгерістер жайлы

03 мамыр 2023 12:45
«Азаматтарды алалау емес»: министр автонесиелеуге енетін өзгерістер жайлы

Автонесиелеуге өзгерістер 15 мамырға дейін енгізіледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты.

 

«Алғашқы жарнаны енгізу жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жетілдіруге арналған. Біз жалақының шекті мөлшерін белгілемектпіз. Жалақысы шекті мөлшерден жоғары азаматтар бағдарламаға қатыса алмайды. Несиені төлей алатынын растау үшін, азаматтарда кем дегенде 10-15 пайыз алғашқы жарна болуы керек деп есептейміз. 15 мамырға дейін оны жариялаймыз», - деді Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, несие алғандардың жалақысы зерттеледі.

«Осыған дейінгі несие алғандардың жалақысын зерттейміз, зерделейміз. Кейін шекті жалақыны бекітеміз. Көлігі барлар бұл бағдарламаға қатыса алмайды. Сондай-ақ, осыған дейін бағдарламаға қатысқан адамдар да несие ала алмайды», - деді ол.

Министр Қарабаев Үкімет отырысында жеңілдетілген автнесиелеу бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін айтты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру