присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Болат Жәмішев "Самұрық-Қазына" қоры директорлар кеңесінің құрамына енді

05 шілде 2022 10:01
Болат Жәмішев

"Самұрық-Қазына" мемлекеттік ұлттық әл-ауқат қоры Қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев директорлар кеңесінің мүшесі, қордың тәуелсіз директоры болып сайланды.
"Қоғамдық кеңес басшысын Директорлар кеңесінің құрамына енгізу – "Самұрық-Қазына" қорының қызметін бақылауды күшейту бағдарламасының бір бөлігі", - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

"Самұрық-Қазына" АҚ Қоғамдық кеңесі 2021 жылдың желтоқсанында кандидаттарды ашық конкурстық іріктеу арқылы құрылды. Оның құрамында он адам бар: жеті азаматтық қоғам өкілі және қордың үш өкілі. Кеңес қордың, оның портфельдік компанияларының қызметіне қоғамдық бақылау жасайды.
Болат Жәмішев биылғы жылдың қаңтарында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын басқаратыны белгілі.
Әр жылдары Болат Жәмішев қаржы министрі, өңірлік даму министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Еуразия даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болды. Экономика ғылымдарының кандидаты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру