Электр желісін заңсыз пайдаланып келген тағы бір майнингтік ферма анықталды
Қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері электр желісіне заңсыз қосылған майнингтік ферманы анықтады.
Тексеру барысында криптовалюта өндіруге арналған 159 дана майнингтік құрылғы табылды.
"2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың ақпанына дейінгі аралықта өндірілген криптовалюта ақшалай есептегенде 48 498 АҚШ доллары (21 145 128 теңге) көлемінде қолма-қол ақшаға айналдырылды,"-
ҚР ҚМА баспасөз қызметі.
Бұған дейін Екібастұз бен Алматы қалаларында да заңсыз жұмыс істеп келген майнингтік компаниялар әшкереленген еді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ