Филиал директоры мен кассир өз банкінен 255 миллион теңгені ұрлаған
Степногорскте 255 миллион теңгені жымқырған банк бөлімшесінің директоры мен кассир күдікке ілінді.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, былтыр желтоқсанда Степногорск қаласында орналасқан банктердің бірінің филиалдарын жоспарлы тексеру барысында банктің аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатының жетіспеушілігі анықталған. Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алдын ала ақпарат бойынша, бір-бірімен сөз байласқан айыпталушылар ешбір қылмыстық схемасыз және шоттарды бұрмалаусыз жоғарыда аталған соманы бір ай ішінде кассадан алып шыққан.
Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ