присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

i-Qala коммуналдық келісімшартқа отырудың проактивті қызметін іске қосты

23 қыркүйек 2022 17:02
i-Qala коммуналдық келісімшартқа отырудың проактивті қызметін іске қосты

Елорда тұрғындары электрмен, сумен және жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифттерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді көрсету туралы келісімді онлайн және проактивті форматта жасай алады.

Астаналықтар тек 1414 нөмірінен SMS хабарламаға жауап беріп, сауалнамадан өтіп, жеке деректерін пайдалануға рұқсат беруі қажет. Ал бес минуттан кейін барлық қажетті келісімдердің жасалғаны туралы хабарлама келеді.

Проактивті қызметтің негізгі міндеті – қызмет көрсету үдерісін автоматтандыру, ашықтық, қағазбастылықты жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мүмкіндігін жою, Қызмет көрсетушілермен байланысқа жол бермеу.

Айта кету керек, соңғы үш жылда i-Qala орталығы 80 мыңнан астам астаналыққа барлығы 317 мың коммуналдық қызмет көрсетті.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру