присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ішкі істер министрі бірнеше шендіні тағайындады

18 мамыр 2022 09:30
Ішкі істер министрі бірнеше шендіні тағайындады

ІІМ-де облыстық полиция басшыларының орынбасарлары және елорданың аудандық полиция басшылары лауазымдарына үміткерлер қаралды, - деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, арнайы жиынға қатысушылар жаңа қызметтен үміттілердің жетістіктеріне тоқталып, олардың біліктіліктері мен кәсіби шеберліктерін талқылады.

Осылайша, Ішкі істер министрінің бұйрығымен:

- Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;

- Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;

- Нұр-Сұлтан қаласы ПД "Есіл" аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;

- Нұр-Сұлтан қаласы ПД "Байқоңыр" ауданы полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.

Айта кетейік, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілген.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру