Кәсіпорын 3,5 мың тонна мұнай өнімдерін Қазақстаннан заңсыз шығармақ болды
Батыс Қазақстан облысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымының жолы кесілді.
Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, биыл шілде айынан бері компанияның мұнай өңдеу зауытына арналған өндірістік төлқұжаты болмаған. Міндетті рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан кәсіпорын мұнай өнімдерін заңсыз өндіру, сақтау, өңдеу және тасымалдау жұмыстарын жалғастыра берген.
"Дер кезінде жүргізілген шаралардың нәтижесінде 3,5 мың тоннадан астам мазут, теңіз отыны мен нафтаны ел аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығарудың жолы кесілді", - деп мәлімдеді агенттік.
Бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
ҚМА азаматтардан мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, агенттіктің сенім телефонына және аумақтық департаменттеріне хабарлауды сұрады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ