Қаңтар оқиғасы бойынша 22 адам бас бостандығынан айырылды
Қаңтар оқиғасы бойынша сотқа 288 қылмыстық іс жолданды, оның 208-і Алматы қаласында болған. Аталған қылмыстық іс бойынша 275 адам сотталды, оның ішінде 22 адам бас бостандығынан айыруға, қалғандарына бас бостандығын шектеу, қоғамдық жұмыстар және айыппұл түріндегі жаза қолданылды.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қаңтар оқиғасы»: тергеу барысы туралы» брифингте Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.
«Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты тергеуді аяқтадық. 5 қаңтарда Қызылорда қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ол өз сыбайластарымен бірге Ұлттық ұланның «КамАЗ» жүргізушісін қатыгездікпен ұрып-соққан. Содан кейін күдікті әскери техниканы айдап кетіп, қозғалтқыш педаліне кірпіш қойып, машинаны әскерилердің қоршауына бағыттаған қалпы өзі «КамАЗ» кабинасынан секіріп кеткен. Автомашина үлкен жылдамдықпен әскерилерді басып, соның салдарынан сарбаз М. Қайсаров қаза тапты. Күдіктінің әрекеті терроризм актісін жасау бойынша сараланды.
М. Қайсаров отбасындағы жалғыз бала болған, осы жылы ол 20 жасқа толар еді», - дейді Е. Қилымжанов.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ