«Қанды қаңтар» оқиғасы бойынша 46 іс терроризм актісі ретінде бағаланып отыр – Бас прокуратура
Бас прокуратура 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, қазір құқық қорғау органдары 46 істі терроризм актісіне теңеп отыр.
«Өткен баяндамада мемлекеттік объектілерге шабуыл жасаушылардың іс-әрекеттері терроризм актілері және жекелеген тұлғалардың іс-әрекеттері жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу ретінде сараланатын жағдайлар айтылды», -дейді Қилымжанов.
Осылайша, ведомствоаралық тергеу тобы, арнайы прокурорлардың басшылығымен аталған санаттағы 91 істі тергеуге алған. Оның ішінде терроризм актілері бойынша – 46 және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 45 іс бар екені белгілі болды.
«Бұл істерді тергеу аясында соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр. Күдіктілер тіпті осындай ауыр қылмыстар бойынша олардың бұлтартпау шараларын жеңілдету үшін де ерекшелік болған жоқ. Жеке басын, жасалған қылмыстағы рөлін, тергеуге жәрдемдесуді ескере отырып, 128 күдіктіге қамауда ұстау - ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге және жеке кепілгерлікке ауыстырылды», -деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ