присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары ұсталды

04 сәуір 2022 15:00
Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялар – кірме теміржол желілерінің (соңғы шақырым) иелерінің ұрлығының қосымша фактілері анықталды.

"Бұл тұлғалар мемлекеттік қызметкерлердің көмегімен еліміздің қала құраушы кәсіпорындарына кіреберіс жолдар қызметтерінің тарифін негізсіз жоғарылату арқылы миллиардтаған доллар пайда тапқан, бұл азаматтардың өмірін қамтамасыз ететін қызметтердің бағасының өсуіне әкелген"- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі серіктестіктің басшылары сот санкциясымен ұсталып, қамауға алынды.

Айыптаулар бойынша соңғы шешімді сот анықтайды. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру