Қазақстан 300 мың доза Pfizer вакцинасына тапсырыс береді
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 млн 630 мың 930 дозасы бар. Оның ішінде 329 мың – QazVac, 1,2 млн – Sinopharm, 106,5 мың - Pfizer.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәліметінше, Қазақстан күзгі эпидемиологиялық кезеңге балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасының шамамен 300 мың дозасына тапсырыс беруді жоспарлап отыр.
"Бүгінгі таңда біз Pfizer-дің қалған 106,5 мың дозасын егіп жатырмыз. Яғни бұл вакцина жүкті әйелдер мен балаларға және Pfizer-дің бірінші компонентін алған азаматтарға салынады. Балалар мен жүкті әйелдер үшін күзгі кезеңге қосымша 300 мыңға жуық дозаға тапсырыс беріледі", – деді министр.
Сондай-ақ Ажар Ғиният Алматы қаласында қалған вакцина қорына тоқталды. Айтуынша, мегаполисте 37 мың доза QazVac, 180 мың доза Sinopharm және 8600 доза Pfizer бар.
"Ай сайын 500 мың доза өз вакцинамыз – QazVac өндіріледі. Бүгінгі таңда 2 миллионға жуық доза бар және қажет болған жағдайда тағы алынады. Елде вакцина жеткілікті", - деді министр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ